Қазақстан полициясының күні: Алматы қалалық ПД басшылығы Фурманов шыңын бағындырды
Алматы қалалық ПД басшылығы Фурманов шыңын бағындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өткен күні шыңға шықты. Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы ПД басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің дербес бөлімшелері болды.
– Шынымды айтсам, бұл біздің қызметкерлердің тауға алғашқы сапары емес. Кәсіби болмаса да, бірақ жоғары сапалы әуесқой деңгейінде болды. Жол оңай болған жоқ, тұман мен жаңбыр да белгілі бір қолайсыздықтарды тудырды. Бірақ, шыңға шыққандардың алдында жалғыз мақсат болды – қашықтықты соңына дейін және барлық құраммен жүріп өту. Шыңға көтерілгеннен кейін Қазақстанның әсем Туы дәстүрлі түрде желбіреді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Спикер, бұл іс-шара қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын еске салды. Бұл жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болады.