Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 6 қылмыс ашылды

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы алты қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14-20 маусым аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” нөміріне түрлі сипаттағы 7 660 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен алты қылмыс ашылды. Олар: екі ұрлық, екі бұзақылық, екі ұсақ-түйек жымқыру жайттары.

Бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ бұл камералар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 906 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 22 жайт; ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 58; ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 31; жол қозғалысының ережелерін бұзу – 684 жайт және өзге де 111 құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру