“Қазақстан Республикасына қызмет етемін”: ІІМ Алматы академиясы комикстер сериясын ұсынды
“Қазақстан Республикасына қызмет етемін”. ІІМ Алматы академиясы комикстер сериясын ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Комикстер кең аудиторияға полиция қызметінің қыр-сыры мен ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік береді. Бұл креативті тәсіл полицияны барлық азамат үшін қол жетімді және түсінікті етеді. Комикстер полиция қызметінің негізгі аспектілерін және оның қылмыспен күресін және әртүрлі жағдайларға қарсы тұруын көрсетеді. Әр бөлімі ішкі істер органдарының қызметкерлері күнделікті жұмыста кездесетін маңызды тақырыптар мен мәселелерді ашуға тырысады.
– Бұл – ақпараттық әсердің жаңа түрі. Комикстердің басты кейіпкерлері – халыққа үлгі болатын тәжірибелі полицейлер, олардың батылдығы мен кәсібилігі жас курсанттар мен полиция қызметіне келетіндердің барлығына шабыт береді. Ақпараттық ағартуға осындай дәстүрлі емес тәсілдер арқылы біз қоғамның құқық қорғау органдарын түсінуі мен қолдауына, сондай-ақ полиция қатарына жаңа талантты кадрларды тартуға ықпал етеміз деп үміттенеміз, – деп бөлісті Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов.
Жобаны әзірлеген ІІМ Алматы академиясы әр жолы жаңа сюжетпен және қиын жағдайда әрекет ету бойынша кеңес пен ұсыныс айтылатын комикстер сериясын әрі қарай шығаруды жоспарлап отыр.