Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алу тәртібі

Полицейлер Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алу тәртібін ұсынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша жүрген шетелдіктер, сондай-ақ визасыз режиммен келген және этникалық қазақтар, берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді. Елде тұруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген құжаттар топтамасы төменде жазылған.

Тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш-сауалнама, паспорт (түпнұсқасы және көшірмесі), төлем қабілетін растайтын құжат, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, 14 пен 18 жас аралығындағы баланың тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі, тұру туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тұрғын үй мекенжайын растайтын өзге құжат, Қазақстан Республикасына кіруге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы 028/у нысанындағы медициналық анықтама, мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат және 35×45 мм мөлшеріндегі бір фотосурет.

3, 4 және 7-тармақтарда көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімі — 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы қажет. Шетелдік органдар берген құжаттар, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, заңдастырылған түрде қабылданады.

Оң шешім қабылданған жағдайда шетел азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру