Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғам сұранысына жауап беру қажет

ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде көші-қон қызметі жұмысының қорытындысы қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның көші-қон саясатының негізгі қағидаттары мен векторлары 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына енгізілген. Оны әзірлеуге Көші-қон қызметі комитеті белсенді қатысты. 2022 жылдан бастап көші-қон қызметінде процестерді бюрократиядан арылту және оңтайландыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.


“Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ-мен бірлесіп, көші-қон қызметкерлерінің Халыққа қызмет көрсету қызметкерлеріне дейін Қазақстан азаматтарын қайталама құжаттандыру қызметін кезең-кезеңімен беру жобасы іске қосылды. Бұл кезектерді қысқартуға және қызметкерлердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. 2022 жылы алғаш рет бір миллионға жуық паспорт дайындалды.

– Комитет сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір қоғамның күткен үміті ақталып келеді, сондықтан біз рәсімдерді жеңілдетеміз және сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді алу мерзімін қысқартамыз. Ішкі істер органдарында барлығы 39 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 93-і осы қызметтердің кіші санаты болып саналады. Бұлардың ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 49, электрондық үкімет порталы арқылы – 82, мобильді қосымша арқылы 9 қызмет көрсетіледі, – деді көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Тілеубек Тахтанов.


Өткен жылы SMS-хабарламалар жобасы басталды, ол жеке куәліктердің қолданылу мерзімінің аяқталғаны, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жоқтығы туралы хабарлайды. Шетелдіктер үшін елде болу мерзімінің аяқталуы туралы да осындай хабарлама жіберу енгізіледі. Ақпараттық бюллетеньдердің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Тахтановтың сөзінше, осындай SMS алған Қазақстанның 317 мың азаматы уақытылы құжаттаманы қамтамасыз етіп, жалпы сомасы шамамен 7 миллиард теңгеге жуық айыппұлдан құтқарылды. ІІМ-нің тағы бір жаңалығы – қызметтерді смартфондандыру. Жоғарыда айтқанымдай, EGOV Mobile қосымшасы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы ең көп сұранысқа ие 9 қызметті алуға болады. 2022 жылы мобильді қосымша арқылы жарты миллионнан астам қызмет көрсетілді. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жасаған жоба нәтижесінде Қазақстан азаматтары E-QONAQ жүйесі арқылы шетелдіктердің келуі туралы хабарламаларды онлайн рәсімдеуге мүмкіндік алды. Шетелдік қонақтардың келгені туралы онлайн режимінде уақытылы хабарлау үшін азаматтар визалық көші-қон порталын да кеңінен пайдаланады.

– “Бүркіт” БАЖ мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың төрт айында Қазақстанға келген шетелдіктердің саны 3 912,7 мыңды құрады, кеткендер саны – 3 766,5 мың. 2022 жылы 6,9 млн адам келді, кеткендердің саны 6,7 млн. Келгендердің жалпы санының 90 пайызы ТМД елдерінің азаматтары, –  Т.Тахтанов.

Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері көші-қон қызметі комитеті басшысының орынбасарына сұрақтар қойып, көші-қон қызметі мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.

– Көші-қон процестері – бұл өңіріміздің көптеген елге әсер ететін жаһандық тренд. Көші-қонды бақылау, мемлекет өмірінің барлық салаларын, ұлттық қауіпсіздікті, экономиканы, еңбек қатынастарын қозғайтын күрделі, кешенді мәселе. Сондықтан уақыт ағымына ілесіп, біз қоғам, мемлекет, бизнес сұраныстарына жауап беруіміз керек, – деп Тілеубек Тахтанов сөзін қорытындылады.

Суреттерді түсірген Медет Әшірбеков.

Жауап қалдыру