Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есірткі жасырушы сотталды

СҚО-да полицейлер 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген есірткі жасырушы сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі сатқаны үшін Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны сотталды. Сот оған 10,5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде арнайы орындарға жасыруға дайындап қойған синтетикалық есірткі салынған 20 қапшықпен ұстады. Оның пәтерінен 1 келіден аса ірі мөлшердегі α-PvP немесе тұз деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Қауіпті тауарды мемлекет астанасынан әкелгені анықталды. Көктемде сот оған үкім шығарды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

– Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналары мен сату фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізуде. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

СҚО полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру