Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер мектеп түлектерімен кездесулер өткізіп жатыр

Жамбыл облысының ювеналды полиция қызметкерлері оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуде. Полиция қызметкерлері соңғы қоңырау қарсаңында балаларды қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін бұзбауға, ал бітіруші түлектерге алкогольдік ішімдіктер мен басқа да зиянды заттарды тұтынудан бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының жеке бақылауына оқушылардың табиғатқа (маевка) және қаладағы, одан тыс жерлердегі демалыс аймақтарына жоспарланбаған ұжым боп шығу мәселесі алынды.

Сонымен қатар барынша көп полицейдің қатысуын қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция басқармалары мен бөліністерінің жауапты қызметкерлері қатарынан қосымша күштер бекітілді.

Кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы ортаға тарту деректерін болдырмау мақсатында кафе-барлар мен мейрамханаларда нарядтар күшейтілді, жастар көп жиналатын орындарды патрульдеу бойынша мобильдік топтар жандандырылып жатыр.

– Біз кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жалпы білім беретін мектеп түлектерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын болдырмау тақырыбы бойынша жалға берілетін автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүзеге асырылады. Тұрғын үй секторларындағы тұрғындарға және мектептердегі ата-аналар жиналыстарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары туралы ақпарат берілді, оның ішінде көлік құралын кәмелетке толмағандарға беру, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау, сондай-ақ жолда апаттық жағдайлар туғызатын кортеждердің қозғалысы туралы түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Қазір ата-аналар балаларының бос уақытына және кімдермен байланыс жасайтынына ерекше назар аударуы керек. Алда емтихан тапсыру және мектеп бітіру кештері болады. Олай болса, балалар ересек өмірге заңнаманы бұзбай кіруге тырысу қажет, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру