Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда екі есірткі сатушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі заңды күшіне енді.

– Күдіктілерді ұстау Талдықорған аумағында есірткі сату орындарын анықтауға бағытталған арнайы іс-шаралар барысында жүргізілді. Екеуі де гашишті сату кезінде ұсталды. Жиналған дәлелдерді ескере отырып, екеуі де сот тарапынан 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Яғни адамдар тобында есірткі заттарын өткізу, – деді облыс ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірдің полицейлері есірткі қылмысына қатысы бар 20-ға жуық күдіктіні ұстады, олардың арасында “синтетика”, гашиш және марихуана сатушылары бар. 10 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру