Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жарыс ұйымдастырған мотоцикл жүргізушілері жауапқа тартылды

Павлодар облысында жарыс ұйымдастырған мотоцикл жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 мамырда Ақсу қаласының полиция бөліміне 102 мобильді қосымша арқылы Евгеньевка ауылында мотоциклшілер жарыс ұйымдастырып жатыр деген хабарлама келіп түсті.

– Осы хабарламаны пысықтау барысында басқаруға құқығы жоқ үш мотоцикл көлігінің жүргізушілері ұсталды, бұдан басқа біреуінде нөмірлік белгі жоқ. Барлық жүргізушілер кәмелетке толмаған болып шықты. Осы жағдай бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды, әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша бір материал жасалды, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Темірбек Шаудыров.

Сол күні Ақсу кентінде мотоцикл жүргізушісі мас күйінде ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотта қаралды. Қалалық сот 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Полицейлер 17 мамырда сағат 03.19 шамасында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде скутердің жүргізушісі тоқтатылғанын, медициналық куәландыруға сәйкес мас күйінде болғанын, бұл ретте басқаруға жүргізуші куәлігі болмағанын нақтылады. Қалалық сот жүргізушіге 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Жалпы, 2023 жылдың өткен кезеңінде Ақсу өңірінде ЖҚЕ бұзудың 2236 дерегі анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру