Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда криминалистер кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтті

ПД-да Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің біліктілік комиссиясы жедел-криминалистикалық бөлімшелер қызметкерлері арасында біліктілік емтихандарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Емтихандарға Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының және көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Емтихандар криминалистикалық зерттеу әдістемелері бойынша өткізілді: суық қаруды зерттеу, дактилоскопиялық зерттеулер және трасологиялық зерттеулер.

Емтихан қорытындысы бойынша Павлодар облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлері өз біліктіліктерін сәтті растап, тиісті криминалистикалық зерттеу түрлерін дербес жүргізуге құқық беретін куәліктер алды.

– Жазаның бұлтартпастығы мінсіз дәлелдемелік базаға негізделуі тиіс болғандықтан, криминалистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оларсыз бірде-бір тергеу басталмайды. Сондықтан ведомство үшін олардың жоғары білікті және тәжірибелі маман болуы маңызды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Арғын Сұлтанов.

Өткізілген іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және жүргізілетін зерттеулердің сапасын нығайтуға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру