Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

– Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады.

Министрліктің қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан.

9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм «метадон» препараты тәркіленді.

Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған.

Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді.

– Қазіргі уақытта тергеу және жедел-іздестіру амалдары жалғасуда, – деді Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру