Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар унифайттан ересектер мен жастар арасындағы Әлем Кубогынан жүлделі орындар алды

Осы жылдың 24-28 сәуір аралығында Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында (Түркия Республикасы) ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері унифайттан ересектер мен жастар арасындағы Әлем Кубогына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Хорватия, Швейцария, Нидерланды, Солтүстік Македония, Италия, Израиль, Венгрия және басқа елдердің спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 75 келі салмақ дәрежесінде 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімінің офицері Әзімжон Кубонбоев алтын медаль жеңіп алды, ал 65 келі салмақ дәрежесінде 6506 (Шымкент қ.) әскери бөлімінің әскери қызметшісі Алкен Төлегенов 1 орынды иеленді.

– Әлем кубогына қарсыластар өте жақсы дайындықпен келген және кілең мықты спортшылар екенін айтып өткім келеді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа еліміздің атынан халықаралық деңгейде өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, – деп атап өтті майор Алкен Төлегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру