Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда полиция «Мигрант» операциясын өткізіп жатыр

Қазақстанда полиция «Мигрант» операциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда шетелдіктердің болу тәртібін қамтамасыз ету мен көші-қон заңнамасын бұзушылығын алдын-алу мақсатында мемлекетімізде 20 ақпаннан бастап «Мигрант» жедел-профилактикалық шара өткізіліп жатыр.

Полиция шетелдіктердің тұратын мекенжайлары, құрылыс объектілері, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеріп жатыр.

Операцияның алғашқы екі күнінің нәтижелері бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 2890 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1614 шетелдіктердің мемлекетте болу тәртібін бұзуы, 769 шетелдіктердің заңсыз жұмыс жасап жатқан фактілері мен 152 заңсыз жұмыс күшін пайдалану фактілері анықталды.

Полиция шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны уақытылы жолдамаған 1124 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 186 шетелдік Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды. Оның ішінде 36 шетелдік мәжбүрлі түрде тыс шығарылды. Барлық шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуіне 5 жылға дейін тыйым салынған.

Осылайша, Жамбыл облысында  көршілес елге 2022 жылы шетелдіктердің заңсыз көші-қонын мемлекеттік шекара кіргізу пунктінен өзге жерден өткізуін ұйымдастырған Қазақстан Республикасы азаматы анықталып, ұсталды. Ұсталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелген.

Шетелдіктердің келуі туралы қабылдаушы тарап ішкі істер органдарына міндетті түрде хабарлау қажеттілігіне назар аударамыз.

Хабарлама үш түрде беріледі.

  • Бірінші: қабылдаушы тарап визалық-көші қон порталы арқылы хабарлама тапсырады. Ол үшін электронды цифрлік қолтаңба мен шетелдіктің паспорттық мәліметтері қажет.
  • Екінші: қабылдаушы тарап тікелей өз облысы бойынша көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгінеді.
  • Үшінші: қабылдаушы тарап Е-Қонақ қосымшасы арқылы хабарламаны тапсырады. Ол үшін аталған қосымшаны тіркеп, авторизацияны өтіп, хабарламаны толтыру қажет.

Аталған механизмді бұзу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдаушы тарапқа ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) сәйкес жауапкершілік көзделген.

Мынадай шара қоллану көзделген:

– жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келіп соғады.

Осы орайда, көші-қон қызметі қабылдаушы тарапымен оған тұруға келген шетелдіктер туралы хабарламаны уақытылы тапсыруын және заңнаманы бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру