Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 50-ден астам азамат алғаш рет жеке куәлігін алды

Қостанай полицейлері құжаттарды рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай ПБ көші-қон бөлімінің қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ адамға ҚР азаматтығын алу үшін барлық қажетті құжаттарды және жеке куәлікті ресімдеді.

Мәселені шешуде кәсібилігі үшін “Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы” КММ қызметкерлері Қостанай қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі бастығының орынбасары Батырсаим Зайтиновтың, Қостанай қаласы ПБ ЖҚБ инспекторлары Наталья Шерботаева мен Далила Бугатаеваның атына алғыс хат жазды.

– Өз жұмысында көрсеткен жоғары кәсібилігі мен Қазақстан Республикасының азаматтығын беру және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға жеке куәлік алу мәселесін шешуде жауаптылығы үшін рақмет!, – деп жазды олар.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген және көптен күткен құжатты алғаш рет алған 50-ден астам азамат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру