Қазақстанда «Заңсыз келуші» операциясы өткізілді
ІІМ-мен «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Операцияның негізгі мақсаты – шетелдіктердің мемлекетте болу ережесін сақтауын қамтамасыз ету, заңсыз көші-қон желісін, сонымен қатар заңсыз көші-қонмен байланысты өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтардың арасында көші-қон заңнамасын бұзушылығын алдын алу.
Полиция қызметкерлері шетелдіктер шоғырланған жерлерді, құрылыс объектілерін, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді. Операцияның жеті күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 11 мың (11051) адам анықталды. Оның ішінде 7331-і – мемлекетте болу тәртібін бұзған шетелдіктерге қатысты (көбінесе осы мемлекеттерден келген: Өзбекстан – 6498, Ресей – 211, Қырғызстан – 311, Тәжікстан – 234, Түркия – 30, Үндістан – 11, Ауғанстан – 4, Нигерия – 26, ҚХР – 6), шетелдіктермен заңсыз жұмыс істеуге қатысты 2400 дерек анықталды, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған 507 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктердің келуі туралы полицияға уақытылы хабарламаған 2536 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің келуі туралы полицияға уақытылы хабарламаған Қазақстан азаматтары қатарынан Алматы қаласы – 328, Атырау облысы – 243, Шымкент қаласы – 232, Шығыс Қазақстан облысы – 162, Маңғыстау облысы – 129, Астана қаласынан 102 тұлға анықталған.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешіміне сәйкес 476 шетелдік Қазақстаннан тыс шығарылды. 70 шетелдік мәжбүрлі түрде мемлекеттен шығарылды. Барлық тыс шығарылғандар 5 жылға дейін Қазақстанға кіре алмайды. Осылайша, Алматы облысы, Қонаев қаласында орта мектеп құрылысымен заңсыз айналысып жатқан 11 африкалық мемлекеттерден келген шетелдік анықталды. Барлық шетелдіктер жауапкершілікке тартылды және оларды депортациялау бойынша шара қолданылып жатыр. Қабылдаушы тарап шетелдіктердің тұратын мекенжайы бойынша келгені туралы міндетті хабарлама беру қажет.
Хабарлама үш жолмен беріледі:
- Бірінші: қабылдаушы тарап тікелей өз ауданы бойынша көші-қон қызметіне хабарлама тапсырады;
- Екінші: қабылдаушы тарап хабарламаны визалық көші-қон порталы арқылы тапсырады. Ол үшін электронды цифрлік қолтаңбасымен шетелдіктің паспорттық мәліметтері қажет.
- Үшінші: қабылдаушы тарап хабарламаны «Е-Қонақ» құрылымы арқылы жолдайды. Ол үшін аталған құрылымды көшіріп, авторизацияны өтіп, хабарламаны толтыру қажет.
Аталған механизмнің бұзуы барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).
Мынадай шара қолдану көзделген:
– жеке тұлғаларға – ескерту жасауға,
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, көші-қон қызметі Қазақстанда шетелдіктерді қабылдайтын тұлғаларды оларда тұрып жатқан шетелдіктер туралы хабарлама беру аясында заңнама нормаларын бұзбауды ескертеді.