Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында борышкерлерден 40,7 млн теңге әкімшілік айыппұл өндірілді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Абай облысының аумағында 7-30 маусым аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы хабардар ету.

“Борышкер” ЖПІШ өткізу кезеңінде мемлекет бюджетіне 3689 әкімшілік іс бойынша 40,7 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

Мамандандырылған тұрақтарға өтелмеген айыппұлдар үшін борышкерлердің 247 көлік құралы орналастырылды.

5128 адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабардар етілді.

Мәселен, 15 маусым күні Сергек қорғау қосымшасының көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік есепте тұрған Subaru көлігін анықтады. Оның жүргізушісі 1 млн 241 мың теңге сомасына ережені 34 рет бұзған. Құқық бұзушының көлік құралы айыппұлдар толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу жергілікті бюджетті толықтырады.

Полицейлермен келеңсіз жағдайларды болдырмау өте оңай. Бар юолғаны ЖҚЕ мен қоғамдық тәртіпті бұзбау жеткілікті, ал егер құқық бұзушылық жасалған болса, айыппұлдарды уақытында төлеп, деректер базасына енгізу үшін ішкі істер органдарының әкімшілік практика бөлімшелеріне айыппұлдарды төлеу туралы түбіртектерді міндетті түрде ұсыну қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру