Қазақстанда жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы басталды
Қазақстанда 18 шілдеден бастап жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы бастау алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы шеңберінде полицейлермен өткізілетін барлық іс-шаралардың басым бағыты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін азаматтардың назарын автожолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге бағытталады.
Жазғы демалыс кезеңінде және демалыс маусымында қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының трафигі дәстүрлі түрде өсетінін атап өткен жөн. Әдетте, салдары ең қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының өсу қаупі артады. Осыған байланысты іс-шара аясында полицейлер патрульдеу кезінде автокөлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар көлігін тексеруді күшейтеді.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, бірінші кезекте – жүргізушілердің тәртіпсіздігі соның салдарынан қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидалары бұзу, сонымен қатар көлікті көп жағдайда шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар орын алады.
Бұл ретте балалардың автомобиль салонында болуы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын бұзудан тоқтата бермейді. Жүргізушілердің салғырт қарым-қатынасы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында алты мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, мыңға жуық адам қаза тапты, сегіз мыңнан астам адам жарақат алды.
Өткен тәуліктің өзінде еліміздің жодарында 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тауып, 55 адам әр түрлі дене жарақатын алды.
– Мәселен, осы жылдың 16 шілдесінде түнгі сағат 00:00-ден өте Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында қалааралық маршруттық автобустың жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысып, одан кейін кюветке шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Сол түні сағат 03:00 шамасында Қарағанды облысының тұсындағы тас жолда шаршаған жүргізуші Mersedes-benz Sprinter шағын автобусын басқаруды өзінің кәмелетке толмаған туысына тапсырған, ол басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып MAN автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған микроавтобус жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы қаза тауып, тоғыз жолаушы ауруханаға жеткізілді. 18 шілде күні сағат түнгі 02:30 шамасында Батыс Қазақстан облысында Nissan Maxima автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневр жасау кезінде қарсы жолаққа шығып, Lada автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан сегіз адам көз жұмды, оның екеуі жасөспірім, – деді ҚР ІІМ ӘПК төарағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.
Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушылардың бәріне, әсіресе, қалааралық және өңіраралық қатынас жолдарында жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы еске салады. Кез-келген көлік құралының жүргізушісі автокөліктің пайдалану мүмкіндіктерін білуге және жол жағдайын дұрыс бағалауға міндетті.
Сонымен қатар, тәжірибесі жоқ кәмелетке толмағандарға және одан да сорақысы, автокөлік басқаруда еңбек өтілі жоқ адамға бермеу. Барлық жүргізушілер қауіпті жағдайда жақсы бағдарланбайтынын және шектеулі кеңістікте, қиылыстарда, көлік ағынында және тәуліктің қараңғы уақытында қауіпсіз басқару дағдыларын жақсы игермегенін есте ұстаған жөн.
Жүргізушілерден жол жүрісі қауіпсіздігінің негіздерін – жүріс заңдылықтарын, қиын жол жағдайларындағы адамның мүмкіндіктерін және көлік құралының техникалық мүмкіндіктерін, сол сияқты оның жолмен өзара әрекеттесуін білу қажет. Егер осы қағидалар бұзылса, сіз ең құнды болып табылатын өмір мен денсаулықты жоғалтуыңыз мүмкін екенін ешқашан ұмытпаңыз!