Қазақстанда ”Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды
Қазақстанда ”Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің барлық аймақтарында ағымдағы жылдың 25 қарашасында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағытқылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдыналу және үйдегі тәртіп пен тыныштықты сақтау.
Акция барысында полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, алкогольдік ішімдікке құмар тұлғаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жерлері бойынша тексереді. Қорғау ұйғарымдары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауларына ерекше назар аударылады.
Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарының алаңында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен отбасылық-тұрмыстық қатынастардың құқықтық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Іс-шара 10 желтоқсанға дейін жалғасады.