Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер “нөлдік төзімділік” қағидаты туралы еске салады 

Полицейлер “нөлдік төзімділік” қағидаты туралы еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция. Мысалы, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тіпті қоқыстарды тастау болуы мүмкін.

ІІМ атап өткендей, негізгі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін тексеру мақсатында талдау жүргізілді. Ведомствоның мәліметінше, талдау қағидаты сынған терезелер теориясына ұқсас – полиция бұл бұзушылықтарды неғұрлым белсенді анықтаса, қоғам соғұрлым тәртіпті болады. Ал тәртіпсіздік неғұрлым аз болса, тәртіпті бұзуға деген ұмтылыс соғұрлым аз болады.
Бұл қағида күн сайын жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған. Мысалы, өткен жылдың басынан бастап бүкіл ел бойынша, әсіресе Астана, Алматы және Қарағанды облыстарында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жұмыс белсенділігінің артуы байқалады.

Ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша фактілердің тіркелуі көбейді. Ал қоғамдық орындарда алкогольді ішу және қоқысты шығару фактілері азайды.

Өткен жылдың 11 айында “нөлдік төзімділік” аясында 614 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 16 мың ұсақ бұзақылық фактісі, 87 мыңы – тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу – 170 мың, темекі шегуге тыйым салуды бұзу – 16 мың, абаттандыру ережесін бұзу – 203 мың, қоқыс тастау – 119 мың.

Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Осыған байланысты полицейлер қазақстандықтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге, заңды бұзбауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылықты байқап қалса, бұл туралы “102”-ге хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру