Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында екінші рет мас күйінде анасымен жанжалдасқан ер адам анықталды

Республика бойынша өткен “Тұрмыс” іс-шарасы барысында сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствода атап өткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қауіптілік деңгейін анықтау үшін 3 669 отбасына сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары екені анықталды. Сондай-ақ құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсынылды.

– Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5,5 мың қорғау нұсқамасы шығарылды. Полицияның өтініші бойынша Соттар құқық бұзушының мінез-құлқына 1 400 ерекше талап орнатты, оның ішінде 80%  бойынша алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу қойылды. Мұндай азаматтарға полицияның күшейтілген бақылауы жүзеге асырылады, – деп атап өтті ведомствода.

Сот шектеулері бұзылған жағдайда 10 тәуліктен 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Мәселен, Павлодар облысында учаскелік инспекторлар бақылаудағы құқық бұзушылардың үйін аралау барысында ұлының мас күйінде анасымен жанжал шығарғанын анықтады. Осылайша ол қорғау нұсқамасын бұзды. Сот оны 20 тәулікке қамауға алды.

Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша полицияның профилактикалық есебінде тұрған барлық адамдар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар тексерілді.

– Бүгінгі таңда есепте құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған 120 мың адам тұр. Бақылау барысында белгіленген шектеулердің 1,5 мың бұзушылығы анықталды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 557 агрессор және мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды орындамағаны үшін 531 құқық бұзушы қамауға алынды, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру