Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктілерді қолға түсірді

Талдықорған полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтарға қараған түні жедел басқару орталығына 18 жастағы жігітті тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін облыс орталығының жеке секторлардың бірінде белгісіз екі тұлға жас жігітті қорқытып, iPhone-13 смартфонын иемденгені анықталды.

– Күдіктілерді ұстауға полицияның жақын маңдағы жасақтары бағытталды. “Бүркіт-152, 154” ППР сақшыларының қабылдаған шараларының нәтижесінде күдіктілер “ізін суытпай” ұсталды. Олар Талдықорған қаласының 26 жастағы және Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты, – деді Талдықорған ҚПБ-ның бастығы Ернар Ширбаев.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру