Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ ішкі істер органдарында кадрлық саясат бойынша кезекті тренинг өткізді

Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ ішкі істер органдарында кадрлық саясат бойынша кезекті тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) қолдауымен “Полиция қызметкерлерінің кадрлық саясаты, оқыту мен біліктілігін арттыру саласындағы үздік тәжірибелер” қолдауымен екіншісі онлайн-семинары 28-30 қыркүйек күндері Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ) мен БҰҰ ЕҚБ бірлескен жобасы іс-шарасында ҚР ІІМ кадрлық саясат департаментінің мен ІІМ білім беру мекемелерінің 20-ға жуық өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар қызметкерлерді бағалаудың негізгі принциптерімен, оның ішінде әңгімелесу формаларымен, бақылау қызметі және қызметкерлерді соңынан келетін аттестаттаумен танысты. Оқыту қажеттіліктерін бағалау, оның құралдары және оларды жұмыста мүмкіндігінше тиімді пайдалану туралы ақпарат ұсынылды.

Ресей Федерациясының сарапшысы Сергей Сидоров инспекторлардың қызметін жақсарту үшін қызметкерлерді бағалауды жүргізу әдістері туралы айтып берді.

БҰҰ ЕҚБ жобасының менеджері Венди О’Брайен семинарда:

– Бұл тренинг ішкі істер органдарының қызметкер полиция моделіне көшуде полиция қызметкерлерін қолдаудың негізгі принциптері мен практикалық стратегиялары туралы ойлануға тамаша мүмкіндік береді. Біз ІІМ қызметкерлерінің осындай белсенді қатысуын көргенімізге өте қуаныштымыз, әрі қарай ынтымақтастығымызға үміттенеміз, –  деді.

Семинарда жобаларды басқаруға ерекше назар аударылды және қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін полиция мен қоғамның бірлескен жобаларын іске асыру бойынша халықаралық тәжірибеден алынған нақты мысалдары келтірілді.

1 қазанда БҰҰ ЕҚБ тобы ҚР ІІМ орынбасары Мұрат Баймұқашевпен кездесіп, Қазақстандағы ішкі істер органдарын реформалауды қолдау жөніндегі БҰҰ ЕҚБ жобасын талқылады. Кездесу аяқталғаннан кейін БҰҰ ЕҚБ Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бірлесіп атқаратын іс-шаралар өткізілетін жұмыс жоспарына қол қойылды.

Кездесуде БҰҰ ЕҚБ жобасының менеджері Вэнди О’Брайен:

– Біз бұл жобада БҰҰ ЕҚБ-мен серіктестік үшін министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашевке ризашылығымызды білдіреміз, сонымен қатар, жобаны жүзеге асыруға көмектескен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне алғыс айтамыз. БҰҰ ЕҚБ Қазақстандағы полиция реформасын қолдау үшін ІІМ-мен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.

“Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалауға қолдау көрсету” бірлескен жобасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес және құқық қорғау органдары бюросының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру