Қазақстандық делегация БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссиясының сессиясына қатысты
Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация БҰҰ есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-ші сессиясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Комиссияға 1000-нан астам делегат, оның ішінде түрлі елдердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволарының 100-ден астам басшылары қатысты.
Сессия барысында делегаттар әлемдік есірткі проблемасымен күресудің кешенді стратегиясы бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Шараға Ішкі істер министрлігінен министрдің орынбасары Айдос Рысбаев қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстан үкіметінің ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шараларына назар аударды. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске маңызды үлес қосатынын хабарлады.