Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ЖҚАЖ қызметкері қазақ күресінен “Динамо барысы” белбеуін жеңіп алды

Наурыз мерекесіне орай Қарағанды облысының ПД “Динамо” ДШҚС базасында қазақ күресінен ашық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирге Ұлытау өңірі мен облыстың құқық қорғау және күш құрылымдарының өкілдері қатысты.

90 спортшы турнирде бақ сынасты. Барлық қатысушы жақсы деңгей көрсетті. Олар алты салмақ дәрежесінде күштерін ортаға салды. Жеке есепте турнир жеңімпаздары: 66 келіге дейін – Нариман Тұтқышев (облыстық ПД ЖҚАЖ), 74 келіге дейін – Ардақ Кәкімов (облыстық ПД оқу-жаттығу взводы), 82 келіге дейін – Н.Төлеухан (облыстық ПД оқу-жаттығу взводы), 90 келіге дейін – Шыңғыс Ізмұханов (облыстық ПД ЖҚАЖ), 100 келіге дейін – Болат Сапар (Ұлттық ұлан). 100 келіден жоғары салмақта “Динамо барысы” белбеуінің жеңімпазы Самат Амантай (облыс ПД ЖҚАЖ) атанды.

Жалпы команда бойынша бірінші орынды облыстық ПД ЖҚАЖ командасы, екінші орынды – облыстық ПД оқу-жаттығу взводы, үшінші орынды – Ұлттық Ұлан иеленді.

Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру