Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық қозғалыстың жас инспекторлары мемлекетаралық байқауда үздік атанды

Беларусь Республикасының Солигорск қаласында қозғалыстың жас инспекторлары отрядтарының 51-ші слеті өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Слетке Қазақстан, Беларусь және Ресейден 10-16 жас аралығындағы 70-ке жуық бала қатысты.

Байқау аясында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүрісі қағидалары бойынша білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ жол апатында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша жарысып, нақты жол жүрісіне ұқсас жағдайда велосипед басқарып, оны мәнерлеп тебу дағдыларын да көрсетті. Одан бөлек, қазылар алқасына өздерінің шығармашылық таланттарын ұсынды.

Мұндағы конкурстық кезеңдер Ғазиз Байтасов атындағы қазақстандық республикалық қозғалыстың жас инспекторлары слетінен ерекшеленді.

Алматы облысынан келген балалар қабылдаушы тараптың жол ережелерін зерделеді. Айырмашылықтарға қарамастан, қазақстандық Ролан Сүлейманов “ЖЖҚ білгірі” номинациясы бойынша үздік атанды.

Балалар өздері үшін жаңа сынаққа қатысты. Модельденген жол жағдайында жеткіншектер реттеуші, жүргізуші, жаяу жүргінші, мотоциклші және велосипедші рөлін сынап көрді.

Жеңімпаздарды құттықтауға Беларусь Республикасы ІІМ бірінші орынбасары генерал-майор Юрий Назаренко келді.

– Сендерге қарап, жастық шағымдағы түрлі жарыстарға қатысқан кезімді есіме түсірдім. Бұл іс-шараның мақсаты – білім мен дайындық деңгейін тексеру және өзара әрекеттесудің ең жақын деңгейіне жету. Бұл жарысқа ең мықтылар келді, – деді ол.

Слет қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ҚЖИ командасы бірінші орынға ие болып, сыйлықтармен, медальдармен, грамотамен және жеңімпаз кубогымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру