Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері колледж студенттеріне экскурсия өткізді

Жетісу облысының полицейлері колледж студенттеріне экскурсия өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамырда Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің студенттері үшін Кинологиялық қызмет орталығы базасында ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп қызметтік-іздестіру иттерінің мүмкіндіктерін, заттарды іздеуді, ұстауды, оқытудың негіздерін көрсете отырып, “Есірткісіз болашақ” тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

– Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы хабардар ету, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Меруерт Ысқақова.

Бұдан кейін, ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Тұрарбек Олжас қызметтік иттерді оқыту және үйрету негіздері, оларды ұстау ерекшеліктері туралы айтып, сондай-ақ кинолог-маман қызметінің жекелеген аспектілерін атап өтті.

Мамандар мақсатты заттарды іздеу, анықтау және белгілеу бойынша қызметтік иттердің жұмысына ерекше назар аударды. Жарылғыш заттар мен құрылғыларды іздеу бойынша жұмысты көрсету мақсатында Олжас Тұрарбек өзінің төртаяқты серіктесімен бірге қысқа уақыт ішінде жарылғыш заттың иіс үлгісімен бетбелгіні қалай тауып, табылғанын көрсетті. Студенттер есірткіні қалай іздеп тауып, қылмыскерлерді ұстау кезінде иттердің шеберліктеріне таң қалды.

Студенттер жақыннан қызметтік иттер туралы, кинолог жұмысының ерекшеліктері, болашақта мамандық таңдау үшін оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында кинологиялық орталығының қызметкерлері студенттерге Ішкі істер органдарына қызметке түсуді қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру