Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда тыйым салынған орындарда кальян шегу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда

Талдықорғанда тыйым салынған орындарда кальян шегу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды, заңнамада белгіленбеген орындарда тұтыну фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Кезекті тексеру барысында қаладағы ойын-сауық орындарында белгіленген талаптардың сақталуы тексерілді. Негізгі назар темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған үй-жайлар мен қоғамдық орындарда мұндай фактілерге жол бермеуге аударылды.

Тексеру нәтижесінде 5 ойын-сауық орнында белгіленбеген жерде темекі шегу фактілері анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша 13 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері осыған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша 286 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлеріне заңнама талаптарын сақтау және тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін тұтынуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру