Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль жеңіп алды

ҚР ІІМ "Арлан" спорт клубының мүшесі, Ақмола облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Ақмола облысы ПД қызметкері қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бұл санатта әлемнің 31 елінен келген спортшылар жүлдеге таласты.

Финалға дейін Алмас Жұмағали бес белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша ол халықаралық деңгейдегі беделді жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Полиция қызметкері үшін спорт – кәсіби қызметімен қатар жүретін өмір салты. Алмас Жұмағали қазақ күресі, дзюдо, самбо және белбеу күресінен спорт шебері. Ол бірнеше жыл бойы республикалық жарыстар мен ведомстволық турнирлерде Ақмола облысы мен полицияның намысын абыроймен қорғап келеді.

Бұл жолғы жетістік – спортшының көп жылғы еңбегі, үздіксіз дайындығы, темірдей тәртібі мен жоғары нәтижеге деген ұмтылысының жемісі.

Ақмола облысының полиция департаменті қызметкерлердің спорттағы жетістіктері кәсіби шеберлікпен қатар, табандылықтың, тәртіптің және салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру