Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жас сақшыларға арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды

Жетісу облысында жас сақшыларға арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің “Арлан” спорт клубының бастамасымен “Болашақ жас сақшы” сыныбының оқушыларына арналған спорттық жоба бастау алды.

Полиция департаментінің спорт кешенінде жас сақшылар үшін бокс спортынан жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің дене дайындығын жетілдіру, спортқа қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тәртіптілік, төзімділік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Жаттығу сабақтарын Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты “Өркен” спорт мектебінің жаттықтырушылары өткізуде. Олардың қатарында тәжірибелі бокс жаттықтырушысы, ішкі істер органдарының зейнеткері Талғат Тойғұлов бар.

Жаттығу барысында оқушылар бокс техникасының негізгі тәсілдерін меңгеріп, соққы және қорғаныс әдістерін пысықтап, дене шынықтыру мен шапшаңдықты арттыруға бағытталған жаттығулар орындады.

Жаттықтырушылар жас спортшыларға спорттағы тәртіп пен еңбектің, табандылық пен мақсатқа ұмтылудың маңызын түсіндірді.

Полиция департаментінің бастамасы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және болашақ жас сақшылардың физикалық дайындығын арттыруға бағытталған.

Бокс бойынша жаттығу сабақтарын алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру