Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандықтардың жарты млн теңгесін жымқырған хакер әйел ұсталды

Маңғыстауда қазақстандықтардың жарты млн теңгесін жымқырған хакер әйел ұсталды , – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы, Түркістан, Атырау және өзге облыс тұрғындары әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы қомақты сомадағы қаражат жымқырған хакерге қатысты полицияға арызданған. Арам ойын жүзеге асырған жергілікті тұрғын ғаламтордың көмегімен жәбірленушілердің банктік есепшоттарынан жалпы көлемде 500 мың теңгеден астам ақша ұрлаған.

Полицейлермен 24 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру