Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұрланған банк картасынан 1 млн теңге шешіп алған күдікті ұсталды

Қарағандыда ұрланған банк картасынан 1 млн теңге шешіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші аталған аумақта жеке үйлердің бірінде тұратыны белгілі болды. Ол өзінің үйінің кіре берісіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кейін бірнеше уақытқа үйінен жұмыстарымен шығып кеткенде белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, отара, шарқайрақ сияқты құрал жабдықтарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 115 мың теңгені құраған.

Сонымен қатар күдікті жәбірленушінің банк картасында ұрлап әкетіп, банк қосымшасы арқылы ішінде тұрған 957 мың теңгені өзіне аударып алғаны белгілі болды. Осыған орай ол жәбірленушіге жалпы құны 1 миллион 112 мың теңге шығын келтірген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру