Қазақстанның ІІМ Халықаралық полиция басшылары қауымдастығының конференциясына қатысты
Қазақстанның ІІМ делегациясы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың бастауымен АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен Халықаралық полиция басшылары қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық полиция басшыларының қауымдастығы – әлемдегі ең ірі кәсіби полиция басшыларының қауымдастығы.
Конференция төрт күндік халықаралық көрме түрінде өтті, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам полиция қызметкері мен 600 қатысушы қатысты.
Конференция аясында қазақстандық делегация американдық әріптестеріне тиімді жұмыс істеуге көмектесетін шетелдік шешімдермен танысты.
Қазақстан ІІМ өкілдері полиция қызметіне жоғары технологиялар мен заманауи жабдықтарды енгізу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ полиция кадрларын даярлау және оқыту мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді.