Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада алаяқ тұрғынға 8 көлік алып беремін деп 32 млн теңгені қалтаға басқан

Астанада алаяқ тұрғынға 8 көлік алып беремін деп 32 млн теңгені қалтаға басқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының жедел қызметкерлері автокөлікке қатысты машықтанған екі алаяқты анықтады.

Белгілі болғандай, полицияға қала тұрғыны хабарласып, шетелдік көлікті заңдастыруға уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын жеткізген. Оған көлік иесінің көлікті көрші мемлекеттің тіркеуінен шығара алмағаны себеп болған.

Жәбірленуші алаяққа көрсететін қызметіне 500 мың теңге аударып жіберген. Оқиға желісімен жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары алаяқтықпен айналысқан, бұрын сотты болған, 35 жастағы Әзірбайжан азаматын анықтаған.

Тағы бір жағдайда полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бұрын сотталған 37 жастағы Астана тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 32 миллион теңгеден астам қаражатын иемденгені белгілі болған. Тергеу барысында автопарк иесіне Toyota маркалы сегіз автокөлікті сатып алуға автонесие рәсімдеуге уәде бергені белгілі болған. Алаяққа сенген Астана тұрғыны оған бастапқы жарнаны төлеу үшін қомақты соманы беріп үлгерген.

Қазіргі уақытта ұсталғандар кінәсін мойындады. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп, қалада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да анықталып жатыр..

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру