ҚАЖ қызметкерлері балаларды қуантты
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері ата-анасынан ерте айырылған, төрт бірдей балаға баскөз болып отырған Жанар мен оның бауырларын мерекемен құттықтап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жанардың әкесі Болатбек Мәжитханов 2015 жылы ауырып, дүниеден озды. Әкеcінің қайғысын көтере алмаған анасы, жылға жетпей, қайтыс болды.
– Мен ата-анамнан айырылғанымда 18 жаста едім, кіші сіңілім 10 жаста еді. Отбасымыздағы төрт бала туысымыздың үйінде бір- бірімізден жырақта өстік, баспанамыз болмады. Республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры біздің жайымыздан хабардар болып, өздері хабарласып, біз туралы видео түсіретіндіктерін айтты. Мен бауырларым үшін, баспанамыздың болатына қуанып, келісімімді бердім. «Баспаналы болсақ» деген арманым болды. 2020 жылдың 12 мамырында республикалық «Харекет» қоры видеога түсіріп, қазақ халқының, жомарт адамдардың қолдауымен, 26 мамырда Тасбөгет кентінен үй алып берді. Қуаныштан жыладым, енді біз ажырамаймыз, төртеуіміз бірге ажырамай тұратыныма қуандым. Туған-туыстарыма, қазақ халқына, жаны жомарт жандарға алғысым шексіз, – деді Жанар.
ЗК-169/4 мекемесі ұжымы Жанарға звондап, қандай көмек қажет екенін сұрағанымызда, «ыдыс- аяқ алып бересеңіздер болады» деді. Мекеме басшысының орынбасары Думан Мақсұтұлы мен мекеме ұжымы үйге қажетті ыдыс-аяқ апарып беріп, Жанарды қуантты. Жанар мекеме ұжымына алғысын білдірді.