Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында алдағы суға шомылу маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы жағажайлардың түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында үш ірі су айдыны бар, онда жазғы уақытта тұрғындар демалуға келеді. Бұл Алакөл көлі, Балқаш көлі және Қапшағай су қоймасының жағалары. Осы және басқа да су айдындары суға шомылу маусымы кезеңінде ТЖД-де ерекше бақылауында тұрады.

Былтыр шомылу маусымы кезеңінде (маусым айынан тамыз айына дейін) облыстың су айдындарында 31 адам қаза тапты, оның ішінде – 12 бала.

Суға шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі-қауіпті бағаламау және ауыр жағдайдан шығуды білмеу. Жиі адам жүзе алмау себебінен суға батпайды, үрейге ұшырау себебіне байланысты. Қайғылы оқиғаға көбінесе мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауылды ауа райында суға түсу, ағзаның салқындауы, бұлшық еттердің тартылуы, үрлемелі жүзу құралдарының жарылуы, балалардың қараусыз қалуы, биіктіктен секіру сияқты себептер әкеледі. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда
қамтамасыз ету оңай.

Қазіргі уақытта облыс бойынша алдағы суға шомылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, коммуналдық жағажайларда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараты бар стендтер, бораларды орната отырып, жүзудің шекарасы белгіленіп жатыр.

Қапшағай су қоймасындағы қауіпсіздік мәселесінеде үлкен көңіл бөлінеді. Онда 140-тан астам жеке және жеті қалалық жағажай бар. Өткен жылы шомылу маусымы кезінде Қапшағай су қоймасының жағалауына 500 мыңнан астам демалушылар келді.

ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы жағажайлардың түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізеді, жағажайлардың түбін сүңгуірлік тексеру жүзу шекарасында жүзеге асырылады. Түбін тазарту көзбен қарау және түбін сезу тәсілімен жүргізіледі. Судан су басқан заттарды, темір-бетон сынықтарын, ағаш құрылымдарды, суға батқан шөлмектерді, балық аулайтын құралдарды, тастарды және басқа да қоқыстарды іздеу және көтеру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Қапшағай қалалық жеті жағажайларының барлығы тексерілді. Сонымен қатар құтқарушылармен жағажайдың аумаы бойынша шектеу боралары орнатылып жатыр.

Сондай-ақ ТЖД қызметкері жағажайлардың дайындық жағдайымен танысты. Жергілікті атқарушы органдары құтқару бекеттерінің, медициналық көмек бекеттерінің және қоғамдық қауіпсіздік бекеттерінің жұмысын ұйымдастырды. Аса қауіпті учаскелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖД құтқарушыларының қатарынан мобильді бекеттер қойылады.

Осылайша, жыл сайын жүргізіліп жатқан жоғарыда көрсетілген жұмыстардың арқасында 2019 жылы су айдындарында адамдардың қаза болуы санының 2018 жылмен салыстырғанда 39% – ға төмендеуіне қол жеткізілді.

2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Алматы облысы Полиция департаментінің облыстың табиғи және жасанды су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу бойынша бірлескен жоспары бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері демалыс және мереке күндері жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен және авариялық-құтқару жасағымен бірлескен рейдтер өткізеді.

Тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз! Атап айтсақ

–  ауа райының өзгеруін қадағалау (қатты жел кезінде, сондай-ақ су температурасы 20 градустан төмен болғанда шомылуға болмайды);
– тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар суға шомылуға арналған орындарда шомылыңыз;
– судың жағасындағы балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
– түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңы
– жүзе білмей, белдеуден жоғары суға кірмеңіз;
– суға шомылу кезінде бір-біріңізді жоғалтпаңыз;
– жағалаудан алысқа бораның және қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз;
– жүзе алмайды, жүзу үшін дөңгелектерді, үрлемелі матрастарды пайдаланбаңыз;
– жақын келе жатқан катерлерге, қайықтарға жүзбеңіз;
– қайықтан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
– тым ұзақ суға түспеңіз, суық өтуі және шаршау болуы мүмкін.

Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз баға жетпес өмірімізді сақтаймыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру