ҚАЖ қызметкерлері есептегі отбасылардың балаларына мектепке керекті құрал-жабдықтар алып берді
ҚАЖ қызметкерлері пробация есебіндегі 10 отбасының балаларына мектепке керекті құрал-жабдықтар алып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сырдария аудандық пробация қызметі, пробация есебіндегі аз қамтылған он отбасының балаларына оқуға керекті жабдықтарға толы сөмке табыстады. Қазіргі таңда Сырдария аудандық пробация қызметінде 42 сотталған есепте тұрады. Оның ішінде 10 сотталған пробация қызметінің көмегімен жұмысқа орналасқан, қалғаны өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
– Пробация есебінде әлеуметтік жағдайы әр-түрлі отбасылар бар. Біз солардың ішінен аз қамтылған отбасыларға демеушілердің көмегімен жиі көмектер көрсетіп отырамыз. Бұл жолы “Алғыр ОЙ” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 10 отбасыға мектепке керекті құрал-жабдықтар берілді. Бүгінде республика көлемінде дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан “Мектепке жол” акциясына Сырдария аудандық пробация қызметі өз үлестерін қосуда. Қайырымдылық жасап, әрбір отбасыға қол ұшын созу азаматтық борышымыз, – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков.
– Аудандық пробация қызметінің инспекторлары демеушілердің көмегімен мектеп жасындағы балаларыма оқу құралдарын алып беретіндіктерінайтқанда қуанышымда шек болмады.Әр баланы мектепке жіберу оңай емес. Екі балам мектеп жасында, әйелім бала тәрбиесімен үйде отыр, өзімнің тапқан табысым азық-түліктен артылмайды. Аудандық пробация қызметіне, демеушілік жасаған жомарт жандарға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.