Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда тексеру барысында 3 сотталғанға ескерту берілді

Кентауда тексеру барысында 3 сотталғанға ескерту берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің бастамасымен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Кентау қалалық Пробация көлемінде “Шартты түрде” республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Қазіргі таңда қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Атабек Исаев пен пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған азаматтар мен азаматшаларды жеке-жеке қабылдады. Ал кешкісін олардың үйлерін аралап, тексеру жүргізілді. Тексеру барысында үш пробация қызметінің есебінде тұратын сотты болғандар көрсетілген мекенжайда болмады. Сот тағайындаған талапты орындамағаны үшін ескерту алды.

Аталған шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.

Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Сондай-ақ шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

– Қазіргі таңда елімізде орын алған індетке байланысты пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар мен азаматшаларды бір жерге шақырып, жиналыс ретінде профилақтикалық шара өткізбедік. Оларды күндіз жұмыс уақытында жеке-жеке шақырып, әңгімелестім. Ал жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргізілді. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекенжайында болмаса, онда ол адамға акты толтырылып, ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса, жазбаша түрде “Ескерту” жарияланады. Ал ескерту бар болса, онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған екі ер адам мен бір әйел анықталды. Оларға қатаң ескерту жасалды. Енді олардың тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда олардың істері сотқа жолданатын болады, – деді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Атабек Исаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру