Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптестерінің отбасына барды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы қаза болған әділет прапорщигі Ербол Ержановтың отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов қызметкердің жұбайына Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтау жеделхатын табыс етті. Сондай-ақ отбасына сыйлықтар апарылды.

Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болды және екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.

Өткен жылдың 7 қаңтарында, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болды. Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ||| дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру