ҚАЖ қызметкерлері сотталған ауғандыққа құжаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға көмектесті
Астаналық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің қызметкерлері Ауғанстан Республикасының сотталған азаматына ұлттық паспорттың қолданылу мерзімін ұзартуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласының № 3 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімшесінің қызметкерлері аумақтық көші-қон қызметімен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды құжаттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, шет мемлекеттердің сотталған азаматтарының құжаттары бақылауда.
Сотталған С.есімді ауғандықтың ұлттық паспорттың қолданылу мерзімі аяқталды.
Мәселен, Ауғанстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы консулдық қызмет өкілдігімен үйлесімді жұмыс нәтижесінде сотталған С. Ауғанстан Республикасы паспортының қолданылу мерзімі ұзартылды.
Астана қаласының көші-қон қызметімен өзара іс-қимылдың арқасында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық сотталған азаматтарында құжаттар бар.