Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Картоп ішіне тыйым салынған заттарды салып әкелген қызылордалыққа жаза тағайындалды

Картоп ішіне тыйым салынған заттарды салып әкелген қызылордалыққа сот үкімімен жаза тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жедел бөлім және РжКБ-нің қызметкерлері тарапынан сотталғандардың қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіргізу жолын анықтау және жабу мақсатында елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде.

Атап айтсақ, жедел бөлімнің жедел ақпаратына сәйкес, тергеу қамауындағы ҚР ҚК-нің 191-бабы 2- бөлігі бойынша айыпталушы 29 жастағы азаматқа тыйым салынған зат алып келетіні белгілі болған.

Нәтижиесінде сол күні сәлем-сауқат бөлмесіне келген Б. есімді азаматтың алып келген тамақ өнімдері ішінен ұялы телефонға қажетті заттар табылды.

Дәлірек айтсақ, асылған картоп ішіне жасырылған бір Beeline SIM-картасы мен бір ақ түсті USB шнуры анықталды. Бұл бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.

Бүгінгі таңда сот қаулысы бойынша Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 481- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру