Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны алаяққа алданып қалды

Ақмола тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда Ақкөл аудандық полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны 20 тамызда белгісіз тұлға 120 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші квадроцикл сатып алғысы келген.

Ақмолалық оны “Olx” қосымшасынан тауып алған. Хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, автормен байланысқа шыққан. Жас жігіт көлік құралы үшін 120 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақкөл қаласының тұрғыны ақша қаражатын карточкалық шотқа аударған. Алайда белгіленген мерзімде квадроциклға ие болмаған соң полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер хабарландыру авторының жеке басын анықтады. 17 жастағы елорданың кәмелетке толмаған тұрғыны, колледж студенті ақша тапқысы келіп, мототехниканы жеткізетін “фирмамен” ынтымақтаса бастаған.

Студенттің міндеті тауарды сатып алу мәселесі бойынша әлеуетті сатып алушыларға кеңес беру болды. Ал сыйақы “сатудың” пайызынан болды. Жас жігіт қаскүнемдердің қылмыстық әрекетіне тартылғанын білмеген. Квадроцикл үшін алдын-ала төлем алғаннан кейін ол ақшаны “жұмыс берушілер” берген басқа шотқа аударған.

Аталған факті бойынша Ақкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі “Алаяқтық”  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру