Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіге қарсы іс-шара Алматы қаласы күніне орайластырылды

Есірткіге қарсы іс-шара Алматы қаласы күніне орайластырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының есірткі қылмысымен күресушілері жастар саясаты Басқармасының қолдауымен, “Жастар саясатын дамыту” Мемлекеттік қорының жетекшілері мен еріктілерінің қатысуымен М.Ганди атындағы саябақта JAS FESТ науқаны өтті. Ол жерде демалыс орталықтарының жасөспірімдері өз өнерлерін көрсетті: би билеу, ән айту, домбыра тарту, сурет байқауы, шахмат ойындары, таэквондо мен күрестен демонстрациялық қойылымдар, сондай-ақ, армреслинг.

– Бұл науқан қоғамда есірткіге деген бітіспес көзқарасты қалыптастыру мақсатында құқық қорғау органдарына көмектесуге бағытталған. Шараға 3 500 адам қатысты. Олар мынадай тақырыптық буклеттер алды: “Есірткіге бірге қарсымыз!” “Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз!”, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

– Кез келген адам науқан қатысушы бола алады. Қырағы әрі жауапты боламыз және есірткіні тарату, пайдалану немесе заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық әрекеттердің куәгері болсақ, азаматтық борышымызды танытып, сенім телефондарына хабарласамыз, – деді Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру