ҚАЖ саласында 20 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан Ольга Асиновскова
ҚАЖ саласында 20 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан Ольга Асиновскова, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда әйелдер қызмет етпейтін сала жоқ деуге болады. Соның бірі түзету мекемелерінде азаматтармен қатар еңбек етіп келе жатқан абзал жандардың қатарны аз емес. Атап айтсақ, БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінде 20 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Ольга Асиновскованы айтуға болады.
Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған қыз-келіншектер өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Анасыз отбасының, қала берді мемлекеттің келешегін елестету мүмкін емес.
Үй-жайды қызметі және басқа да шаруаларымен тиянақты үйлестіре білген әйелді өмірдің сәні мен салтанатына баламай қайтесіз. Сонымен қатар, қызметімен қатар отбасының да ұйтқысы бола білген осы жан туралы ықыласпен айтуға болады.
Әйел-ананың іскерлігі, білімі мен біліктілігі тек отбасылық өмірде ғана емес, қоғамдық қызметте де қажет. Жолдасы Владимирмен шаңырақ көтеріп бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған асыл ана, аяулы жар, қызметте беделді, ортасына сыйлы, жұмысына адал жан.