Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды

Шығыс Қазақстан облысында Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ қызметкерлері ОВ-156/6 мекемесінде қызмет атқарған Шалқар Сарсекаевтың отбасына барды.

Шалкар Сарсекаев қылмыстық-атқару жүйесінде адал қызмет атқарған қызметкерлердің бірі болды. Қызмет барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, спортта жүлделі орындарға ие болып жүрген Шалқардың өмірі кезекті жарыстан жеңіспен қайтып келе жатқанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қиылды.

Оның ұлы Мансұр Ахметқали  әкесінің ізін жалғастырып, полиция қызметкері болғысы келеді. Қазір ол екінші сынып оқушысы, көптеген конкурстар мен жарыстардың жүлдегері.

– Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда түрлі жағдайларда ІІМ-нің 2 264 қызметкері өмірден озды.
Олардың есімдері құқық қорғау қызметінде жүрген әрбір азаматтың жадында мәңгі сақталады,- деді Департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру