ҚАЖД қызметкерлері «Жақсылық күнін» жариялады
СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы өтіп бара жатқан жылда «Жақсылық күнін» жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкин пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Руслан Жүсіповтың басшылығымен 20-дан астам қызметкер қан мен оның компоненттерінің оңтайлы қорын құру және үздіксіз беру үшін өтеусіз донор болып қан тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қан тапсыру жөніндегі акцияларға қатысып, бірнеше жылдан бері донор болып келеді. Өйткені, күн сайын әртүрлі апаттардан, жарақаттардан, күрделі операциялардан зардап шеккендерге, сондай-ақ онкологиялық аурулары бар балаларға қан қажет.
Өз кезегінде «Облыстық қан орталығының» мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Өйткені, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексерулерден өтеді, дене дайындығы жақсы, ал ауыр сырқаты жоқ адам ғана донор бола алады.
Одан әрі қызметкерлер Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған ерікті – сотталғандармен бірлесіп Анатолий Петрович пен Клавдия Плетухиндердің отбасының ауласындағы қарды тазартты.
«Жақсылық күні» Долгушиндер отбасына барумен өз жалғасын тапты. Татьяна Долгушина жалғыз өзі алты баланы тәрбиелеп отыр. ҚАЖД қызметкерлері көмекке келуде. Бұл күні отбасына 11 пакет киім-кешек, азық-түлік, сондай-ақ балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін жаңа жылдық тәттілер сыйға тартылды.
– Өткен 2020 жылы СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 50-ден астам отбасыға көмек көрсетті, 70 литрден астам қан тапсырды, антисептиктер мен маскалар таратылды, Петропавл қаласының провизорлық орталығына көмек көрсетілді. Алдағы 2021 жылы біз мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырамыз, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
Облыстық қан орталығы, қарттар, балалар СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен жеке құрамына тұрақты негізде көрсететін көмектері үшін үлкен алғыстарын білдірді.