ҚАЖК төрағасы Шахтинск тұрғындарымен кездесті
Шахтинск тұрғындарымен өткен кездесуде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы өзекті сұрақтарға жауап беріп, ішкі істер органдарының жұмысы туралы хабардар етті, – хабарлайды Polisia.kz.
Өз сөзінде Жанат Ешмағамбетов полиция және пенитенциарлық ведомстволардағы жаңалықтар туралы айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленді.
Енді орта, кәсіптік білім алу, сотталғандарды жұмысқа орналастыру және емдеу жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.
Сондай-ақ барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи колониялар салу көзделеді.
Пенитенциарлық ведомство басшысы полицияның сервистік модельге көшуін атап өтті. Енді полиция қызметі жаңа форматта жұмыс істейтін болады, қызметтің барлық салаларында аналитиканы қолдана отырып, проблемаға бағдарланған тәсіл енгізіледі.
Халықпен негізгі кездесуден кейін Жанат Ешмағамбетов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге азаматтарды жеке қабылдады.