Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада такси жолаушысы жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен

Елордада такси жолаушысы жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға такси жүргізушісі жүгініп, оның көлігінен iPhone 11 телефоны жоғалып кеткендігін хабарлаған. 200 мың теңге тұратын смартфонның жоғалғанын ер адам жолаушы әйелді мекенжайына жеткізгеннен кейін анықтаған.

Тергеу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 37 жастағы тұрғынының ұрлыққа қатысы бар екендігін анықтады. Қажет мекенжайға жеткен соң, күдікті такси жүргізушісінің назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, автомобиль панелінде жатқан гаджетті алып шығып кеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру