Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Қызылордадағы түзеу мекемелерін аралады

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Қызылордадағы түзеу мекемелерін аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Абай Қайырбеков  жұмыс сапарымен Қызылорда облысына  барды.

Абай Қайырбеков жұмыс сапары барысында алдымен ҚАЖ мекемелерін және қалалық пробация қызметінің жұмыс барысымен танысты. ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде болды. Одан соң қалалық пробация қызметі мен №60, №68 мекемелеріне барды. Пенитенциарлық мекемелердегі тұрғын үй-жайларды, асханаларды, өндірістік аймақтарды, сондай-ақ медициналық бөлімдерді аралап шықты. 

Мекемелерді аралау барысында тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерінің жұмыс барысын тексеріп, сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының сақталуы жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ сотталғандарға келетін сәлем-сауқаттардың қабылдану барысын,   арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдардың жұмыс барысымен танысып, сотталғандардың камераларын аралады.

Бұдан бөлек жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуына да баса назар аударып, жаңа жұмыс орындарын құру үшін жеке кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағына тарту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды және  пробация қызметі бойынша қайта қылмыстың алдын алу бағытында жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әділет полковнигі Абай Қайырбеков  ҚАЖ департаментінің бастығы мен оның орынбасарларының, түзеу мекемелері басшыларымен, жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауына сәйкес мекемелерде жаппай бейнебақылау камераларын орнату, сотталғандардың ұстау режимі, сотталғандардың пайдалануы мен қолдануына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуінің алдын алуды қатаң тапсырды.

Сонымен қатар пробация қызметі бойынша қайта қылмыстың алдын алуда жұмыстарды жандандыруды және жеке құрам қызметкерлеріне қызмет барысында  заңдылықты сақтауды, жедел  жұмыстар бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру