Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мен нашақорлықтың алдын алу шаралары айтылды

Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мен нашақорлықтың алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 27 мамырында өңірлік коммуникация қызметі алаңында облыстық полиция департаментінің қатысуымен Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мен нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы брифинг өтті.

–2024 жылдың басынан бері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде есірткі қылмысы – 28, есірткіні өткізу фактісі – 19, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі – 8, есірткіні насихаттау мен заңсыз жарнамалау фактісі – 1, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров.

35-тен астам есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан есірткі құралдарының 34 келісі тәркіленді. Синтетиканы заңсыз таратқан 12 күдікті ұсталды.

– Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде облыстың әртүрлі оқу орындарының оқушылары арасында 346 профилактикалық іс-шаралар өткізілді, олардың мақсаты өскелең жас ұрпаққа есірткінің зиянды әсерін, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін құқықтық жауапкершіліктің барын жеткізу, – деді ПД есірткі қылмысына қарыс іс-қимыл басқармасы.

26 мамыр мен 26 маусым аралығында “Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне” арналған есірткіге қарсы айлықты өткізудің бекітілген жоспары шеңберінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірқатар профилактикалық іс-шаралар жоспарланған. Іс-шара жоспары ҚР ІІМ басшылығы мен облыс полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру