Қазығұрт полицейлері жүк көлігіне заңсыз тас шағалын артқан тұрғынды анықтады
Түркістан облысының полицейлері жүк көлігіне заңсыз тас шағалын артып, заңбұзушылық жасаған жергілікті тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-ның полицейлері күнделікті қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын, қауіпсіздікті сақтаумен қатар, табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтап, жауапқа тартуда.
Мәселен, Қазығұрт ауданының ЖПҚБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуі нәтижесінде жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша екі жүк көлігі мен бір қазу техникасы айыптұраққа қойылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын үй құрылысына пайдалану мақсатында қиыршық тастарды өзінің басқаруындағы КамАЗ маркалы жүк көлігіне артып, одан әрі қарай алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заңбұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты жүк көлігі айыптұраққа қойылды.